Әлеуметтік эксперимент: Алматылықтардың қоқысқа деген көзқарасы

17 Наурыз 2021, 18:53
4375
Бөлісу:
Әлеуметтік эксперимент: Алматылықтардың қоқысқа деген көзқарасы
VIDEO

 

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының еріктілері Алматыдағы «Арбатта» әлеуметтік эксперимент жүргізіп, өтіп бара жатқан адамдардың лақтырылған қоқысқа реакциясын анықтап көрді.

Ол үшін жас жігіт ештеңе болмағандай, пластикалық стакан, пакеттерді және басқа да ұсақ қалдықтарды жерге, кейде тіпті өтіп бара жатқан адамдардың алдына лақтырды. Жібек жолы даңғылында «экспериментке қатысушыға» 2 сағат ішінде тек төрт өтіп бара жатқан адам ескерту арқылы немесе қоқыс жәшігіне қоқысты лақтыру арқылы әрекет жасады.

Біз таза қалада өмір сүруге және ләззат алуға деген ұмтылыс туралы жиі айтамыз, біз коммуналдық қызметтердің тиісті жұмысын талап етеміз. Өкінішке орай, біз қоқысты рұқсат берілмеген жерге тастауға асығып, өзімізді қоршаған ортаны ластайтынымызды мойындамаймыз. Біздің StopMusor жобасы аясындағы Алматыдағы әлеуметтік экспериментіміз осының айқын мысалы. Қоқыс тастамайтын жерлерде таза болатынын әрдайым есте ұстаған жөн, - дейді Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының басқарма төрағасы Айгүл Соловьева. 

ҚР  Электрондық үкіметі порталының мәліметтері бойынша, Қазақстанда жылына 4,5-5 млн тонна қатты тұрмыстық қалдықтар пайда болады. 2020 жылғы қайта өңделген және орналастырылған қатты тұрмыстық қалдықтардың үлесі 18,3% құрады. Алматыда тек өткен жылы ғана 24 стихиялы қоқыс орны анықталып, жойылды, ал алматылықтардың қоқыстары Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылады.


 

Stop Musor жобасы халықтың сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтар арасында тұрмыстық қалдықтарды  кәдеге жарату мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы