Әлеуметтанушы жергілікті әкімдердің сайлауындағы бірнеше өзгерісті айтты

6 Қараша 2023, 10:45
1195
Бөлісу:
Әлеуметтанушы жергілікті әкімдердің сайлауындағы бірнеше өзгерісті айтты
Фото: Арман Мухатов - архив

Әлеуметтанушы Эльмира Отар аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау процесі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жергілікті аудан әкімдерінің сайлауының өтуі - жаңа саяси процесс. Өйткені бұл жергілікті атқарушы билікті демократияландыруға деген негізгі қадам. Бұл жоғары билікпен жергілікті биліктің арасындағы сабақтастықтың орнағанын көрсетеді. Екінші жағынан, жергілікті атқарушы органның өзін-өзі басқару мүмкіндігі және сол жердегі мәселені жақсы білетін азаматтың басқаруға келуі оған артықшылық береді. Себебі әрбір аумақтың өзіндік ерекшелігі болады. Бір ауылға қолданылған жоспар (немесе тәсіл) екінші жерде бөлек болады, - деді ол.

Әлеуметтанушы әкімдердің корпусы жаңарғанын атап өтті. Оның сөзінше, сайланған әкімдердің 57 пайызы бұрын қызметте болмаған.

Бұл процес азаматтардың Конституциялық құқықтарын толық іске асырады. Халықтың билікке деген сенімін арттырады. Сонымен бірге әкімнің халық алдында жауапкершілігін күшейтеді және азаматтық қоғам мүшесі ретінде қоғамның дауыс беру мүмкіндігі көбейеді, - деді Отар.

Өзгелердің жаңалығы