Әлеуетті инвесторларға ЖСН және ЭЦҚ беру рәсімі жеңілдетілді

8 Тамыз 2023, 11:13
833
Бөлісу:
Әлеуетті инвесторларға ЖСН және ЭЦҚ беру рәсімі жеңілдетілді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ -архив

Әлеуетті инвесторларға шетелдегі мекемелерден «бір өтініш» қағидаты бойынша Жеке сәйкестендіру нөмірін және Электронды цифрлы қолтаңба беру рәсімі жеңілдетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда А-5 санатындағы инвесторлар шетелден жұмыс күшін тарту үшін рұқсат алмайтын болды. Жыл басынан бері 76 шетел азаматына осындай инвестор визасы берілген.

Әлеуетті инвесторларға шетелдегі мекемелерімізден «бір өтініш» қағидаты бойынша Жеке сәйкестендіру нөмірін және Электронды цифрлы қолтаңба беру рәсімі жеңілдетілді, - деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Тамара Дүйсенованың айтуынша, инвестор-бизнесмендердің инвестициялық виза алуына қажетті төменгі шекті азайту қарастырылуда.

А-6 деп аталатын ұзақ мерзімді жаңа инвесторлық виза түрі енгізілуде. Мұндай виза иелеріне еліміздің аумағында тұрақты тұру үшін (10 жылға) ықтиярхат алу құқығы беріледі. Ал шетелде табысты бизнестері бар этностық қазақтар үшін «Ата жолы» картасын беру тәртібі бекітілді. Бүгінде «Отандастар» қоры қолында кәсібі бар, елге «Ата жолы» картасы аясында келгісі келетін шет елдік 50 қандасымызды анықтап, қажетті жұмыс жүргізуде, - деді Тамара Дүйсенова.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қай ел азаматтары елімізге жиі қоныс аударатынын айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы