Әлемнің ең сұлу волейболшы қызы анықталды

25 Ақпан 2021, 23:13
1653
Бөлісу:
Әлемнің ең сұлу волейболшы қызы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Gazzetta» атты грек басылымы ғаламшардағы ең сұлу волейболшы қызды атады. 25 жастағы ресейлік спортшы Алиса Маненок қазақстандық Сабина Алтынбековадан озып кетті.

Алиса 14 жасынан бастап спортпен айналысады. Бас кезінде жүзуге барған. Бірақ артынан волейболға ауысып кетті. Николай Дубинин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында білім алды. «Приморье» командасының құрамында ойнады. Ал Қазан федералдық университетінің журналистика және социология факультетіне түскеннен кейін жоғары оқу орнының құрамасына қабылданды.

Алиса спортпен бірге сән бизнесін де алып жүр, сан алуан шоулар мен сәнді киімдер таныстырылымына жиі қатысып тұрады. 2013 жылы алғашғы титулы – «Приморье аруы» атағын жеңіп алды. Екі жылдан кейін тағы екі конкурсқа қатысып, Miss Beautiful Body атанды. Сосын «Татарстан аруы» байқауында екінші орынды иеленді. Одан кейін бірінші вице-мисс атанып, Supermodel International конкурсында бір атақ жеңіп алды.

2018 жылы Алиса Маненок Ресейдің атынан World Beauty Queen конкурсына қатысып, бірінші орынға ие болды.

2019 жылы Алиса «Жер аруы» халықаралық конкурсына қатысты. Ол жерде Беларусьтың атынан шықты. Себебі әкесі осы елде дүниеге келген, туған-туыстарының басым бөлігі де сонда тұрады. Манилада өткен байқауда Алиса төртінші орынды иеленді.

Алиса жеке өмірі туралы ештеңе айтпайды. Әлеуметтік желіге де ер адаммен бірге түскен сурет салмайды.

Қазіргі кезде Маненок Қазан қаласында тұрады. Қазан университетінің командасында. Сондай-ақ модель болып жұмыс істейді. Спортшының Instagram парақшасына 97,9 мың адам жазылған.


Өзгелердің жаңалығы