Әлемнің 10 дирижері бір сахнада өнер көрсетеді

23 Қыркүйек 2022, 15:08
1124
Бөлісу:
Әлемнің  10 дирижері бір сахнада өнер көрсетеді
PHOTO

25-26 қыркүйек күндері Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясында “Дирижерлер шеруі” атты музыка-фестивалі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алғаш рет ұйымдастырылған фестивальде әлемнің 10 дирижері бір сахнада бас қоспақ. Айта кетсек, Маргус Касемаа (Эстония), Сподрис Качанс (Латвия), Виктор Худолей (Ресей), Дариуш Адам Леджион (Польша), СамуэльХагин (Израиль), Николас Хрисчохоу (Греция), Миро Сайе (Словения), Тимур Мирзаев (Өзбекстан) және Қазақстанның белгілі дирижерлері Александр Беляков пен Қанат Ахметов өнер көрсетеді. 

Әлемнің  10 дирижері бір сахнада өнер көрсетеді

Фестиваль шартына сәйкес, олардың әрқайсысы өз елінің үздік туындыларын ұсынады. Сондай-ақ, фестиваль аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі өзінің 33-ші концерттік маусымын ашады.

Өзгелердің жаңалығы