Әлемге шолу: Трамптың инаугурациясы, Газадағы тұтқындар, экс-премьердің соты

18 Қаңтар 2025, 10:12
654
Бөлісу:
Әлемге шолу: Трамптың инаугурациясы, Газадағы тұтқындар, экс-премьердің соты

BAQ.KZ тілшісі әлемде соңғы тәулікте болған оқиғаларға шолу жасап, жария болған жаңалықтар топтамасын ұсынады.

Си Цзиньпин Трамппен телефон арқылы сөйлесті

Бейсенбі күні АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамппен телефон арқылы Қытай басшысы Си Цзиньпин сөйлескен. Бұл туралы алдымен Қытайдың Синхуа агенттігі хабарлады.

Кейін Трамп өзінің TruthSocial желісінде Қытай басшысымен телефон арқылы не туралы сөйлескенін жазды.

Әлемге шолу: Трамптың инаугурациясы, Газадағы тұтқындар, экс-премьердің соты

Синьхуа

Біз көп мәселені шешеміз деп ойлаймын және бірден іске кірісеміз. Біз сауда балансын, фентанил, TikTok және басқа мәселелерді талқыладық. Төраға Си және мен әлемді бейбіт әрі қауіпсіз ете түсу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, - деп жазды Трамп.

Ал Дональд Трамп 20 қаңтарда АҚШ президенті қызметіне кіріседі.

Пәкістанның бұрынғы премьері сотталды

Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Хан сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша 14 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Associated Press.

Үкім Имран Хан 2023 жылдың тамызынан бері қамауда отырған Равалпинди қаласындағы түрмеде шығарылды.

Ханның көмекшісі Омар Аюбтың айтуынша, партия үкімге жоғары тұрған сот инстанцияларына шағым түсіруге ниетті.

72 жастағы бұрынғы премьер-министрге 2018-2022 жылдар аралығында премьер-министр болған кезінде құрылыс салушыдан заңсыз қызмет көрсету үшін жер телімдерін сыйға алған деген айып тағылды.

Газада кепілге алынған адамдар босатылады

Израиль үкіметі басшысының кеңсесі Газада кепілге алынған адамдардың босатылатын алғашқы күнін атады.

Олар осы жексенбіде, 19 қаңтарда босатылуы керек.

Әлемге шолу: Трамптың инаугурациясы, Газадағы тұтқындар, экс-премьердің соты

Әскери-саяси кабинет пен үкіметтің шешіміне, сондай-ақ келісімнің күшіне енуіне байланысты кепілге алынған адамдарды босату шарасы жоспарланғандай, жексенбіде іске асырылуы мүмкін, - делінген Израиль үкімет басшысы Нетаньяху кеңсесінің хабарламасында.

Бұған дейін 17 қаңтарда Израиль мен ХАМАС әскери іс-қимылдарды тоқтатуға келісіп, Израильдің кепілге алынған адамдарды босату туралы келісімге қол қойған болатын.

Эмманюэль Макрон Ливанға барды

Франция президенті жұма күні Ливанның жаңа басшылығы - президент Жозеф Аун мен премьер-министр Наваф Саламға қолдау білдіру мақсатында Бейрутке барады.

Әлемге шолу: Трамптың инаугурациясы, Газадағы тұтқындар, экс-премьердің соты

123RF/gintsivuskansphoto

France24 агенттігі Макронның Ливанға 12 сағаттық сапары бейсенбі күні кешке Бейрутке келген БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің сапарымен тұспа-тұс келгенін жазды. Француз дипломатиялық дереккөзінің хабарлауынша, екі саясаткер кездесуі мүмкін.

Макрон сондай-ақ БҰҰ бітімгершілік күштерінің (UNIFIL) штаб бастығы генерал Жан-Жак Фатинмен, Франция мен АҚШ басшылығымен құрылған миссия жетекшілерімен келісімнің орындалуын тексеру үшін пікір алмасуды жоспарлап отыр.

Солтүстік Корея әскері Мәскеудегі парадқа қатысады

Биыл 9 мамырда Мәскеуде өтетін Жеңіс шеруіне алғаш рет Солтүстік Кореяның әскері қатысатын болды.

Бұл туралы NHK жапон телерадиокомпаниясы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Солтүстік Корея әскери күштерінің шеруге қатысатыны жөнінде шешім қабылданған. Солтүстік Корея армиясы Ресейдегі Жеңіс шеруіне алғаш рет қатысқалы отыр.

Сонымен қатар, Солтүстік Корея әскери оркестрі 2025 жылдың тамыз айының соңында Мәскеуде өтетін музыкалық шараға да қатысады.

Дональд Трамптың инаугурациясына өзгерістер енгізілді

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп қатты суыққа байланысты оның инаугурациясы дүйсенбіде бұрын жоспарланғандай ашық аспан астында емес, АҚШ Капитолий ғимаратында өтетін болды.

Әлемге шолу: Трамптың инаугурациясы, Газадағы тұтқындар, экс-премьердің соты

depositphotos.com

Бұл туралы "Америка дауысына" агенттігінің мілімдеді.

Елге арктикалық суық ығысып келеді. Адамдар жарақат алғанын қаламаймын. Сондықтан дұғалар мен басқа да сөздерді, инаугурациялық сөзді Америка Құрама Штаттарының Капитолий ғимаратында айтуды бұйырдым, - деп жазды Трамп жұмада.

 

Өзгелердің жаңалығы