Әлемдік лицензиялық турнир:Боксшыларымыз келесі кезеңге өтті

9 Наурыз 2024, 00:33
1506
Бөлісу:
Әлемдік лицензиялық турнир:Боксшыларымыз келесі кезеңге өтті
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Бокстан Бусто-Арсицио қаласындағы әлемдік іріктеу турнирінде алтыншы жарыс күні 4 жерлесімізге жеңіс оңайшылықпен келмеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.

Алдымен Париж Олимпиадасының жолдамасын алуға екінші мүмкіндік алған 66 келідегі Наталья Богданова алғашқы айқасында Аргентина спортшысы Лорена Соледад Бальбуэнаға қарсы өткізіп, 4:1 есебімен ұтты.

Сондай-ақ күндізгі сессияда 80 келідегі әлем чемпионы Нұрбек Оралбай 1/16 финалда қара күштің иесі, Того мемлекетінің спортшысы Прева Падабадиді техникалық шеберлігімен жеңді.

Енді жерлесімізге 1/8 финалда өте қиын болады. Себебі, оның қарсыласы 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алексей Алфёров (AIN) атанады.

Кешкі сессияда бұған дейін ең жеңіл салмақта әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдесін алған Алуа Балқыбекова жаңа 50 келі салмақта өнер көрсетті.

28 жастағы жерлесіміз Чехияның жас боксшысы Клаудиа Тотовамен кездесіп, 3 раунд бойы айқасты өз бақылауында ұстады. Есеп: 5:0

Ал әлем чемпионы Махмұд Сабырхан үшін 57 келідегі екінші айқасы өте қиынға соқты. Жерлесіміз 1/16 финалда Саравут Сукзетті (Таиланд) 3:2 есебімен ғана басым түсті.

Алғашқы раундта қолының ұзындығын пайдаланған Таиланд спортшысы 3:2 есебімен басым түскенімен, қалған уақытта жерлесіміз қорғанысқа көңіл бөліп, жақын қашықтықта айласын асырып кетті.

Қос боксшы былтыр 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатының финалында жолығып, Махмұд Сабырхан жеңіске жеткен еді.

Ертең әйелдер 54, 60, 66, 75 келіде жекпе-жек өткізсе, ерлер 63,5, 92,+92 келіде айқасады.

18:15
75 келі. Валентина Хальзова🆚Бусра Исилдар (2021 жылы жастар арасында әлем чемпионы атанған)

23:45
66 келі. Наталья Богданова🆚Анета Ригельска (2019 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері)

01:15
92 келі. Айбек Оралбай🆚Хулио Сесар Кастильо Торрес (2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері)

Өзгелердің жаңалығы