Израильдің солтүстігіндегі шиеленісті жағдайлардан кейін Air France, Біріккен Араб Әмірліктеріне қарасты Etihad Airways және Грецияның Aegean Airlines әуе компаниялары Тель-Авивке қатынайтын барлық рейстердің тоқтатылғанын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бірқатар мемлекеттегі әуе компаниялар Тель-Авивке қатынайтын рейстерді тоқтатты. Бұған дейін олардан бөлек тағы 16 әуе компания да Израильге қатынайтын рейстерді тоқтатқан болатын. Кейбірі рейстердің дүйсенбіге дейін тоқтатылғанын, басқалары нақты қосымша ақпарат кейінірек жарияланатынын хабарлады, - деп жазады Bild.
Айта кетсек, бүгін Израильдің Ливан территориясына қарай әуеден соққы жасағаны хабарланды. Кейін израильдік БАҚ Хезболла жауап ретінде Израильдің солтүстік аймақтарына 320 зымыран атқанын жазды.