Әлемді 80 жылда болмаған экономикалық күшті құлдырау күтіп тұр – БҰҰ Бас хатшысы

12 Желтоқсан 2020, 13:16
3329
Бөлісу:
Әлемді 80 жылда болмаған экономикалық күшті құлдырау күтіп тұр – БҰҰ Бас хатшысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Адамзат соңғы 80 жылда байқалмаған үлкен жаһандық рецессияны күтуде. Әлемде кедейшілік деңгейі мен аштық қаупі артып келеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерреш әлемді 80 жыл ішінде болмаған ең күшті экономикалық құлдырау күтіп тұрғанын ескертті, деп жазады korrespondent.net. Гутерреш Нобель сыйлығы форумында онлайн режимінде сөйлеген сөзінде ешқандай COVID-вакцинасы бүгінге дейін келтірілген залалдың орнын толтыра алмайтынын айтты.

Біз сегіз онжылдықтағы ең үлкен жаһандық құлдырау жағдайында тұрмыз, - деді БҰҰ Бас хатшысы.

Ол коронавирустық пандемиядан болатын әлеуметтік және экономикалық салдардың өсіп келе жатқанын айтты. Бас хатшының айтуынша, COVID-19 вакцинасы адамзатқа келтірілген зиянды түзете алмайды.

Антониу Гутерреш қазіргі уақытта планетада кедейлік пен аштық қаупі артып келе жатқанын атап өтті. БҰҰ басшысы пандемия кезінде елдердің әрекеті үйлестірілмегенін және COVID-19 вакцинасын тарату кезінде бұл жағдайды түзету қажет екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы