Әлемдегі ірі вакцина өндіруші жылына 300 млн дозаға дейін екпе шығаратын болады

14 Шілде 2021, 11:41
2523
Бөлісу:
Әлемдегі ірі вакцина өндіруші жылына 300 млн дозаға дейін екпе шығаратын болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемдегі вакцина өндіретін ірі компания жылына 300 млн дозаға дейін «Спутник V» өндіретін болады. Толық ауқымдағы шығарылым биыл қыркүйек айында Қан сарысуы институтында қолға алынады деп хабарлады Euronews.com. 

Ресейлік қор тікелей инвестиция туралы айтты. Олар өнімді Үндістанның өзінде ғана қабылдап қоймай, өзге мемлекеттерге экспортқа жібереді деп жоспарлауда.

Үндістандағы Қан сарысуы институты бүгінде «Ковишилд» атауымен белгілі «Оксфорд-АстраЗенеа» вакцинасын әзірлеуге қатысқан.

Бұл әріптестік «Спутникті» бүкіл әлемде қолданудың керемет көрсеткіштерінің жаңа деңгейіне шығарады. «Спутникті» ірі көлемде өндіру – ковидпен бірлесіп күрестегі басты құрал, - деп отыр институт басшылары.

Үндістан осы жылғы мамыр айынан бастап «Спутник» вакцинасын көп көлемде өндіруде.

«Спутник V» әлемнің 60-тан астам елінде мақұлданған. Десек те, олардың барлығы бірден аталған екпені бірден салдырған жоқ.

Ал Ресей қорының басшылығы биыл күзде «Спутник V» Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелуі мүмкін деп үміттеніп отыр.

Әзірге ДДСҰ да, еуропалық реттеуіш те ресейлік вакцинаны мойындамай отыр.

Өзгелердің жаңалығы