Әлемдегі ауа тазартатын ең ірі зауыт іске қосылды

10 Мамыр 2024, 19:35
433
Бөлісу:
Әлемдегі ауа тазартатын ең ірі зауыт іске қосылды

Исландияда ауаны тазартатын әлемдегі ең ірі зауыт ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Нысанға "Мамонт" деген атау берілген. Ол жылына 36 тонна көміртегін жоя алады. Химиялық реакциялардың көмегімен зиянды қалдық қатты формаға айналып, жердің терең қабатына тасталады.

Жоба авторлары жаңа технология улы газдарды азайтып, ғаламдық жылынуға қарсы күреске елеулі үлес қосады дейді.

Айта кетейік, еуропалық климаттанушылар өткен ай адамзат тарихындағы ең ыстық сәуір болып тіркелгенін анықтады.

Өзгелердің жаңалығы