Әлемдегі әрбір алтыншы өлім қатерлі ісіктен

6 Сәуір 2023, 14:42
1314
Бөлісу:
Әлемдегі әрбір алтыншы өлім қатерлі ісіктен
Фото: kaz.tengrinews.kz

Көбіне трахеяның, бронхтың және өкпенің қатерлі ісігі өлімге әкеледі. Бұл туралы BAQ.KZ Finprom.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қатерлі ісік — әлемдегі ең көп таралған аурулардың бірі. ДДҰ мәліметінше, әлемде әрбір алтыншы өлім онкологиялық ауруларға байланысты. Қатерлі ісіктің ең көп тараған түрлеріне сүт безі қатерлі ісігі, өкпе қатерлі ісігі, тоқ ішек және тік ішек қатерлі ісігі, простата қатерлі ісігі жатады.

Былтыр қатерлі ісік ауруларын көрсеткіші МАГАТЭ-ні радиациялық медицинаны енгізу және жетілдіру және табысы төмен және орташа елдердегі медициналық онкологиядағы адам ресурстарын дамыту жөніндегі шұғыл қажеттіліктерді шешу үшін «Үміт сәулелері» бастамасын бастауға итермеледі, - деп жазады Finprom.kz.

COVID-19 пандемиясының жойқын әсерлері аурудың өзінен әлдеқайда кеңейіп, бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйесіне зиян келтірді, кей мемлекеттер онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудегі қиындықтардың туындағанын хабарлады. Мұның салдары ондаған жылдар бойы көрінеді, деп ескертеді ДДҰ мен МАГАТЭ.

Our World in Data пандемияға дейінгі дерегінше, 2019 жылы қатерлі ісіктің әр түрлерінен 10,1 млн адам қайтыс болды, бұл 1990 жылмен салыстырғанда бірден 75,1% артық.

Көбіне қатерлі ісік салдарынан адам шығыны Батыс-Тынық мұхиты аймағында (3,6 млн адам), Еуропада (2,3 млн адам) және Америкада (1,6 млн адам) тіркелді. Оңтүстік-Шығыс Азияда қатерлі ісіктен 1,5 млн адам, Африкада — 533,6 мың адам, Шығыс Жерорта теңізі аймағында 477,4 мың адам қайтыс болды.

Қатерлі ісік салдарынан болатын өлімнің ең көп тараған себебі трахея, бронх және өкпенің қатерлі ісікке шалдығуы: қатерлі ісіктің бұл түрлері 2 млн адамның қайтыс болуына себеп болды, 1990 жылмен салыстырғанда көрсеткіш бірден 91,8% артық.

Кісі өліміне әкелетін қатерлі ісік түрлеріне тоқ ішек және тік ішек қатерлі ісігі, асқазан қатерлі ісігі, сүт безі қатерлі ісігі, ұйқы безі қатерлі ісігі және өңеш қатерлі ісігі жатады.

Қатерлі ісік түрлерінің ішінде 1990 жылмен салыстырғанда аналық без ісігінен (85%, 10,8 мың жағдайға дейін) және Ходжкин лимфомасынан (0,2%, 27,6 мың жағдайға дейін) кісі өлімі азайды.

Көбіне қатерлі ісіктен 70 жастан асқан адамдар қайтыс болады: 4,9 млн-нан астам адам осы себептен қайтыс болды. 50–69 жас аралығындағы науқастардың 4 млн-ы қатерлі ісіктен, ал 15–49 жас аралығындағы 1,1 млн адам қатерлі ісіктен қайтыс болды.

Балалар мен жасөспірімдер бойынша, 5 жасқа дейінгі балалар арасында онкологиялық аурулардан 44,5 мың өлім тіркелсе, 5–14 жас аралығындағы науқастарда 54,9 мың өлім тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы