Әлемде: Трамптың даулы жарлығы, Қытай мен АҚШ арасы, ХАМАС кімдерді кепілден босатады

25 Қаңтар 2025, 10:17
526
Бөлісу:
Әлемде: Трамптың даулы жарлығы, Қытай мен АҚШ арасы, ХАМАС кімдерді кепілден босатады

BAQ.KZ тілшісі әлемде соңғы тәулікте болған оқиғаларға шолу жасап, жария болған жаңалықтар топтамасын назарларыңызға ұсынады.

Сот Трамптың жарлығын уақытша тоқтатты

АҚШ соты Трамптың жарлығын уақытша тоқтатты. Бұл туралы DW басылымы CNN телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Әлемде: Трамптың даулы жарлығы, Қытай мен АҚШ арасы, ХАМАС кімдерді кепілден босатады

depositphotos.com/palinchak

Сиэтл соты АҚШ президенті Дональд Трамптың туу құқығы бойынша азаматтықты шектейтін жарлығының күшін уақытша тоқтатты. Бұл шешімге 22 штаттың бас прокурорларының шағымы себеп болған.

Трамптың жарлығына сәйкес, егер баланың анасы не әкесі АҚШ азаматы немесе елдің заңды тұрғыны болмаса, АҚШ-та туған балалар америкалық азамат ретінде танылмайды. Массачусетс бас прокурорының кеңсесі Трамптың жарлығы күшінде қалса, ол жыл сайын АҚШ-та дүниеге келетін 150 мыңнан астам баланы азаматтық алу құқығынан айыратынын мәлімдеді.

Шағымданушылардың сөзінше, Ақ үй басшысы 1868 жылы қабылданған Конституцияның 14-түзетуін бұзған.

Қытай мен АҚШ арасы

Қытайдың Сыртқы істер министрлігі пікір қайшылығына қарамастан, Қытай мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор екенін мәлімдеді.

Әлемде: Трамптың даулы жарлығы, Қытай мен АҚШ арасы, ХАМАС кімдерді кепілден босатады

Қытай мен АҚШ пікір қайшылығының бола тұрғанына қарамастан екі ел арасында зор ортақ мүдде мен ынтымақтастық мүмкіндіктері бар және екі жақ та осыны негізге ала отырып, диалог пен өзара кеңесті нығайта алады, - деді дипломат.

Ресми өкіл сондай-ақ Қытай мен АҚШ-тың экономикалық және сауда ынтымақтастығы өзара тиімді екенін, Қытайдың ешқашанда импорттан экспортты арттыруға тырыспағанын жеткізді.

ХАМАС кепілдегі төрт адамда босатады

ХАМАС сенбі күні бостандыққа шығатын кепілдегі төрт израильдіктің атын атады. Ал Израиль 180 палестиналық тұтқынды түрмеден шығарады.

Әлемде: Трамптың даулы жарлығы, Қытай мен АҚШ арасы, ХАМАС кімдерді кепілден босатады

bbc.com

Бұл атысты тоқтату келісімі күшіне енген өткен жексенбіден бергі екінші алмасу. Бірінші алмасуда Израиль кепілге алынған үш адамды елге қайтарып, 90 палестиналықты босатқан еді.

Экономика және бизнес

Жапония банкі пайыздық мөлшерлемені 2017 жылдан бергі ең жоғары деңгейге көтерді. Сондағы мақсат – инфляцияны 2 пайыздан асырмау. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, бұл ставка 0,25-тен 0,5 пунтке дейін өсірілген. Шешімді екікүндік жиында тоғыз адамның сегізі қолдады. Кейбір сарапшылардың болжамынша, орталық банк несие үстемесін біртіндеп 1 пайызға жеткізуі мүмкін және де одан экономикаға қызу немесе бәсеңдеу қауіп төніп тұрған жоқ.

Ал Түркия үкіметі елдегі барлық төлемдерді қолма-қол ақшасыз жүргізу жүйесіне толық көшті. Бұл қадам экономиканы цифрландыру және көлеңкелі экономиканы азайту мақсатында жасалып отыр.

АҚШ билігіне Трамп қайта келгені көз өзгерістер болып жатыр. Соның бірі АҚШ шетелдік көмек бағдарламаларының барлығын дерлік 90 күнге тоқтатып тастағанын да айтуға болады. Бұл туралы жергілікті Политико газеті жазады. Десе де басылымның хабарлауынша, америкалықтар Мысыр мен Израильге қаржылай көмек көрсетуін жалғастыра береді. Еврей елі АҚШ-тан жыл сайын шамамен 3 жарым миллиард доллар, ал Мысыр бір жарым миллиардтай алып отырған. Бұған дейін Дональд Трамп қаржы бөлуді 90 күнге тоқтату туралы бұйрық берген еді. Бұл уақытта бағдарламалар АҚШ-тың жаңа әкімшілігінің саясатына сай келе ме, жоқ па - осы жағы анықталады. Жалпы АҚШ әлемдегі ең ірі донор саналады. 2023 жылы мемлекет шетелдік көмекке 72 миллиард доллар бөлген екен.

Өзгелердің жаңалығы