Әлемде: Пентагонның жаңа басшысы, Газадағы қираған үйлер

Кеше, 10:06
327
Бөлісу:
Әлемде: Пентагонның жаңа басшысы, Газадағы қираған үйлер

BAQ.KZ тілшісі әлемде соңғы тәулікте болған оқиғаларға шолу жасап, жария болған жаңалықтар топтамасын назарларыңызға ұсынады.

ХАМАС кепілде болған тағы төрт Израиль азаматын босатты

Қызыл Крест өкілдері ХАМАС 2025 жылдың 25 қаңтарында тағы төрт кепілге алынған израиль азаматтарын өздеріне табыстағанын мәлімдеді.

Бұл ақпаратты Telegram-дағы арнасында Израиль армиясы (ЦАХАЛ) растады.

Әлемде: Пентагонның жаңа басшысы, Газадағы қираған үйлер

Ведомствоның баспасөз қызметі қазір босатылған адамдар Израиль қорғаныс күштері мен Газа секторындағы жалпы қауіпсіздік қызметіне қарай бағыт алғаны айтылады.

Азат етілгендер тізімі: 20 жастағы Карина Ариева, 20 жастағы Даниэла Гилбоа, 20 жастағы Наама Леви және 19 жастағы Лири Альбаг. Олардың барлығы Израильдің әскери қызметшілері.

Пентагонның жаңа басшысы бекітілді

Бұрынғы тележүргізуші Пит Хегсет жұма күні аз ғана басымдықпен жеткілікті дауыс жинап, АҚШ-тың келесі Қорғаныс министрі – Пентагон басшысы атанды. Бұл президент Дональд Трамп үшін демократтар мен кей республикалықтардың қарсылығына қарамастан, даулы кандидатурасын бекіттіре алған үлкен жеңіс болды, деп жазды Reuters.

Әлемде: Пентагонның жаңа басшысы, Газадағы қираған үйлер

Getty Images / Roy Rochlin

Хегсеттың кандидатурасын сенатың жартысы, жартығы қарсы шыққан. Шешуші дауысты сенат төрағасы, вице-президент Дж. Д. Вэнстың даусы шешіп кетті.

Fox News-тің бұрынғы жүргізушісі Хегсет Пентагонға айтарлықтай өзгеріс енгізуге уәде беріп отыр. Алайда оның басшылығы біліктілігіне, мінез-құлқы мен әйелдердің әскери қызметке қатысуы туралы көзқарасына байланысты қатаң бақылауда болмақ.

Газа секторындағы үйлердің 92% қираған

Газа секторының инфрақұрылымын қалпына келтіруге бірнеше жыл қажет.БҰҰ-ның өкілдері осылай деп отыр.

Әлемде: Пентагонның жаңа басшысы, Газадағы қираған үйлер

aa.com.tr

Қарулы қақтығыстан, әсіресе, өңірдің солтүстік аудандары қатты зардап шеккен. Атыс-шабыс салдарынан Газадағы үйлердің 92%-і қираған. Оның ішінде 160 мың баспана жермен жексен болса, 276 мыңы бүлінген. Соның салдарынан тұрғындардың көбі қазір уақытша құрылған шатырларда тұруға мәжбүр.

Өзбекстан халқының саны 37,5 миллионнан асты

2025 жылдың 1 қаңтар күнгі мәліметі бойынша, Өзбекстан халқының саны 37 млн 543,2 мың адамға жетті. Осылайша 2024 жылы халық саны 2 пайызға немесе 743,4 мың адамға артқан. Бұл мәліметті Өзбекстан президенті жанындағы статистика агенттігі таратты.

Халықтың 18,9 миллионы (50,4%) - ер адамдар, 18,6 миллионы (49,6%) – әйелдер. Халықтың жартысынан астамы 19,1 млн немесе 51% қалада тұрады. 18,4 млн адам немесе 49% ауылда тұрады.

Халықтың орналасу тығыздығы 1 шаршы шақырымға 83,6 адамнан келеді. Бұл бір жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда 1,6 адамға көп (былтыр 1 қаңтарда 1 шаршы шақырымға 82 адамнан келген).

Путин Қырғызстанның бұрынғы басшысын марапаттады

Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев Ресей ғылымына еңбегі сіңген ғылым қайраткері атағын алды. Тиісті жарлыққа Ресей басшысы Владимир Путин қол қойды деп жазды Кремльдің сайты.

Әлемде: Пентагонның жаңа басшысы, Газадағы қираған үйлер

Ресми мәліметке қарағанда, бұл атақ Ақаевқа "жоғары білікті мамандар даярлаудағы сіңірген еңбегі, ғылыми-педагогикалық қызметі және көп жылғы адал еңбегі үшін" берілген.

Қырғызстанның бірінші президенті Асқар Ақаев елді 1990-2005 жылдары аралығында басқарған. Ол қызғалдақ төңкерісі кезінде елден кеткен. Содан бері отбасымен бірге Ресейде тұрады. Ақаев – Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде профессор.

Өзгелердің жаңалығы