Әлемде COVID жұқтырғандар саны 405 миллионға жуықтады

12 Ақпан 2022, 16:31
1853
Бөлісу:
Әлемде COVID жұқтырғандар саны 405 миллионға жуықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде COVID-19 коронавирусын жұқтырғандар саны 405 миллионды құрады, оның 5,8 миллионы өліммен аяқталды. 

Мұндай мәліметтерді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы таратты.

11 ақпан күнгі мәлімет бойынша ДДҰ 404 910 528 жұқтырған және 5 783 776 пандемия құрбаны туралы деректі анықтады. Сонымен қатар науқастардың тәуліктік өсімі 2 473 605 адамды, ал өліммен аяқталатын жағдайлар 12 788-ді құрады, - деп жазды korrespondent.net.

Белгілі болғандай, 10 ақпанда 400 миллион, 25 қаңтарда 350 миллион, 8 қаңтарда 300 миллион, былтырдың 9 қарашасында 250 миллион, 5 тамызда 200 миллион адам ауру жұқтырған.

Ковидпен сырқаттанушылық бойынша жетекші елдер АҚШ (76,6 миллион), Үндістан (42,5 миллион) және Бразилия (27 миллион); өлім-жітім бойынша – АҚШ (906 мыңға жуық құрбан), Бразилия (635 мың) және Үндістан (507 мың қайтыс болған).

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасы тек мемлекеттер ұсынған коронавирус туралы ресми расталған деректерді ескереді.

Өзгелердің жаңалығы