Әлемде биыл аштыққа ұшырайтын адам саны 19 миллионға артады

18 Маусым 2022, 05:48
2143
Бөлісу:
Әлемде биыл аштыққа ұшырайтын адам саны 19 миллионға артады
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде аштық жайлаған елдер саны артып келеді. Жыл соңына дейін жер бетінде аштыққа душар болатындар қатары тағы 19 миллионға артады. Сөйтіп, олардың жалпы саны 323 миллионға жетеді.

Деректерге сүйенсек, әсіресе Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс елдері көп зардап шегетін түрі бар.

Судан халқының үштен бірі  шамамен 15 миллион адам бір үзім нанға зар. Әсіресе елдің батысындағы Дарфур өңірінде жағдай мүшкіл. Тайпалар арасындағы тартыстың кесірінен мұндағы жұрттың 90 пайызы аш.

БҰҰ дерегі бойынша елдің мұндай халге түсірген аймақтағы табиғи апаттар, қымбатшылық пен ішкі саяси шиеленістер. Егер күзге дейін осылай жалғаса берсе тек Дарфур өңірі емес, жалпы суданның 40 пайызы аштан қатар түрі бар. Оңтүстік Суданды аштық жайлап жатыр Оңтүстік Суданда да оңып тұрған ештеңе жоқ. 700 мың адам қырылудың алдында тұр. Бұған дейін БҰҰ елге азық-түлік жеткізуді тоқтатқан еді. Әлемде жанармай мен азық-түлік бағасының шарықтап шыға келуі де өз әсерін тигізбей қоймады. Бірнеше жыл бойы тасқынның егістік алқаптарын тас талқан етіп жатқаны тағы бар. Осының бәрін есепке алған БҰҰ биыл бұл ел ондаған жылдар бойы болмаған ашаршылықтың азабын тартады дейді. 8 миллион адам оның ішінде 1,5 миллион бала аштықпен бетпе-бет келеді.

Шри-Ланканы аштық айналдырып тұр

Ашаршылық Шри-Ланканы да айналдырып тұр. Юнисеф келтірген мәліметке сәйкес, тамақтан тарыққан 1 миллион 700 мың бала жоқшылық зардабын тартады. Елде аштықтың етек жаюы ең алдымен 75 жылда болмаған экономикалық дағдарыспен байланысты, дейді мамандар. Жұртты қымбатшылық қысып барады. Өткен айдың өзінде азық-түлік бағасы 1,5 есе қымбаттаған. Денсаулық сақтау саласы да ақсап тұр. Бүлдіршіндер мен жүкті әйелдерге қажетті дәрі-дәрмек жоқтың қасы. Ал оларды қажеттінің бәрімен қамтамасыз ету үшін Юнисеф донорлардан 25 миллион доллар жинауы қажет.

ЮНИСЕФ: 36,5 млн бала қаңғып жүр 

Әлемде болып жатқан қақтығыстар, экономикалық қиындықтар, климаттың өзгеруі мен індеттің салдары миллиондаған адамның аяқ-қолына тұсау салды. Сәйкесінше тұрақсыздық орнап, мәселе артынан мәселе туындады. Мысалы, қақтығыс орнаған елде жұмыссыздық жайладық.

Жұмыссыздық аштыққа, ал аштық халықтың елін тастап, босқын болуына әкелді. Осы тұста ЮНИСЕФ өкілдерінің айтқаны бар. Былтыр дүние жүзі бойынша 36 жарым миллион бала үй күйсіз қалған. Оның 13 миллион 700 мыңы шет елге босып кетсе, қалғаны өз елінде тентіреп жүр. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тіркелген ең жоғары көрсеткіш дейді мамандар. Сарапшылар сондай-ақ соңғы 10 жылда әлемдегі босқындар саны 2 есе артқанын айтады. Оның тең жартысы бала.

Өзгелердің жаңалығы