Әлемде ақша-кредит талаптары күшейіп келеді – Ұлттық банк

14 Маусым 2022, 11:03
2223
Бөлісу:
Әлемде ақша-кредит талаптары күшейіп келеді – Ұлттық банк

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді. 

Оның айтуынша, биыл мамыр айында жаһандық нарықта құбылмалылық сақталды. 

Әлемдік экономика геосаяси тәуекелдер мен тұрақты жоғары инфляция аясында болды. Дамыған елдердің орталық банктері инфляциямен табанды күресетіні және монетарлық талаптарды біртіндеп қалпына келтіретінін мәлімдеді. Әлемде ақша-кредит талаптары күшейтіліп жатыр. Мамырда АҚШ Федералдық резерв жүйесі мөлшерлемені 50 базистік тармаққа көтеріп, 1 маусымнан бастап балансты қысқарту басталғанын жариялады. Жыл соңына дейін мөлшерлеменің тағы 200 базистік тармаққа 3%-ға дейін көтерілу мүмкіндігі бар. Биылғы шілдеде Еуропа орталық банкі 2011 жылдан бері алғаш рет мөлшерлемені бірінші болып көтеруі мүмкін, - деп атап өтті Ұлттық банк төрағасы. 

Сонымен қатар ол ұзақ мерзімді облигациялар кірістілігінің жылдам өсуі және экономикасы дамыған елдерде, әсіресе, АҚШ-та байқалып отырғанын айтты. 

Бұл ақша-кредит саясатының барынша жылдам күшейтілуін күту тәуекелді активтерге аздап қысым көрсетеді. Мәселен, мамырда 2022 жылдың басынан бастап дамыған елдердің акциялары 13,6%-ға төмендеді, АҚШ-тың 10 жылдық мемлекеттік бағалы қағаздарының кірістілігі 1,33%-ға  өсті. 14 маусымдағы жағдай бойынша, дамыған елдердің акциялары жылдың басынан бастап 21,3%-ға төмендеді. Бұл Америка Құрама Штаттарында 40 жылдағы рекордтық инфляцияға байланысты АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесінің ақша-кредит саясатын неғұрлым тезірек қатаңдатуына алаңдаушылық есебінен болды. Дамушы елдердің облигациялары бойынша спред ұлғайып келеді, - деді Ғалымжан Пірматов. 

Өзгелердің жаңалығы