Әлемде алғаш рет құс тұмауын жұқтырған адам қайтыс болды

6 Маусым 2024, 08:55
375
Бөлісу:
Әлемде алғаш рет құс тұмауын жұқтырған адам қайтыс болды
Фото: BAQ.KZ архив

ДДСҰ әлемде алғаш рет 59 жастағы мексикалық A (H5N2) құс тұмауын жұқтырып, қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ер адам сәуір айында көз жұмғанымен, ДДСҰ бұл туралы енді айтқаны белгілі болды.

Ол үй құстарымен немесе өзге де жануарлармен байланыспаған. Вирусты қайдан жұқтырғаны әлі белгісіз. Жалпы A (H5N2) вирусы Мексикадағы үй құстарында тіркелген.

17 сәуірде пациентте қызба, демікпе, іш өту, жүрек айну мен жалпы әлсіздік белгілері байқалды. 24 сәуірде науқас медициналық көмекке жүгінген. Одан соң "Исмаэль Косио Вильегас" ұлттық респираторлық аурулар интститутына жатқызылып, жағдайының асқынуы себепті сол күні қайтыс болған, - делінген хабарламада.

ДДСҰ адамдар арасында вирустың әрі қарай таралу қаупі төмен деп бағалап отыр.

Өзгелердің жаңалығы