Әлем мұғалімі: Өскелең ұрпаққа білім арқылы құндылықтарды сіңіре аламыз

24 Қараша 2021, 12:02
1071
Бөлісу:
Әлем мұғалімі: Өскелең ұрпаққа білім арқылы құндылықтарды сіңіре аламыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Семей қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің физика пәнінің мұғалімі Асхат Жұмабеков «Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық жастар форумында айтты.

Асхат Жұмабеков «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Global Teacher Prize аталатын жаһандық сыйлығы финалистерінің ТОП-50 қатарына енген.

Осы күнге дейін әлемнің 10-нан астам елінде болып, үлкен сахналарда сөз сөйлеп, физика және педагогика саласында баяндама жасаған болатынмын. Болашақтықтар елімізді болашаққа бастайды. Ал мұғалім жас ұрпақты тәрбиелейтін жауапкершілігі мол, киелі мамандық иесі. Адамдардың өмірін білім беру арқылы өзгерту – менің басты мақсатым , – деді ол.

Жұмабеков атағандай, оның оқушылары қазір әлемнің үздік ЖОО-ларында оқып жүр.

Әлемге әркез серпін керек. Мен үшін бұл серпін «Болашақ» бағдарламасы болды. 2018 жылы мен «Қазақстанның үздік мұғалімі» атадым. «Болашақ» бағдарламасының арқасында үлкен жетістіктерге жеттім. Қазір «Әлем мұғалімі» амбассадор атандым. Мен өз елімді халықаралық аренада таныстырғанымды мақтан тұтамын. Білім арқылы біз өскелең ұрпаққа ең құнды құндылықтарды сіңіруіміз керек. Ата-анама үнемі қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын. Шетелден сапалы білім алуға мүмкіндік берген Елбасыға да ризашылығымды білдіремін, – деді ол.

Өзгелердің жаңалығы