Түскі сессия кезінде 5 боксышымыз шаршы алаңға шықты. 85 келіде шаршы алаңға шыққан Бекзат Нұрдәулетов аустралиялық Лачлан Лаусонды жеңіп жартылай финалға өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінгі жекпе-жек аустралиялық боксшымен өтті. Аустралия боксы біршама өсіп қалған. Өте дамып қалған. Тактикалық тұрғыда жақсы дайындалыпты. Қателіктер бар. Байқап тұрмыз. Екі күніміз бар. Келесі жекпе-жек 5 шілде күні өтеді. Басқаша деңгейде боламыз деп ойлаймын. Бірінші жекпе-жекте рингті сезініп алдым, - деді Бекзат Нұрдәулетов.
Еске салайық, бұған дейін 2 шілде кімдер шаршы алаңға шығатынын хабарлаған едік. Одан кейін Назым Қызайбай жартылай финалға шықты. Ал Алуа Балқыбекова 1/4 финалға өтті. Санжар Тәшкенбай да жеңіске жетті.