Әлем елдерінің мемлекеттік қарызы 92 трлн долларға жетті

13 Шілде 2023, 21:19
1086
Бөлісу:
Әлем елдерінің мемлекеттік қарызы 92 трлн долларға жетті
Фото: Хабар24

БҰҰ дерегіне сәйкес, дамушы елдердің 40 проценті қаржы дағдарысына ұшырап, қарызға батқан, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Оның үстіне бұл мемлекеттер қыруар қаражатты жоғары процентпен қайтаруға мәжбүр. Мәселен, африкалық мемлекеттер халықаралық ұйымдардан алған қарызын АҚШ-қа қарағанда 4 есе көп қайтарады. 

Халықаралық ұйымның хатшысы Антониу Гутерриштің айтуынша, бұл әділетсіздік. Коронавирус пандемиясы кезінде көп елдер қосымша қаражат алуға мәжбүр болған еді. Енді олардың қарызы күн санап артып барады. 

Қазір әлемнің жартысы мемлекеттік қарызын төлей алмай тығырыққа тірелді. Адамдар білім алу немесе денсаулығын сақтауды ойлаудың орнына нан табудың амалын іздеп әлек. 3 жарым млрд жуық адам осындай қарызға батқан елдерде тұрады. Бұл мемлекеттердің инвестиция тартуы, баламалы энергия көздеріне көшуі екіталай, - дейді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.

Өзгелердің жаңалығы