Әлем чемпионаты: Нұрбек Оралбай финалға шықты

12 Мамыр 2023, 22:20
1656
Бөлісу:
Әлем чемпионаты: Нұрбек Оралбай  финалға шықты
Фото: aikyn.kz

Ташкентте ерлер арасында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында Нұрбек Оралбай финалға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта Токио олимпиадасының қола жүлдегері, ресейлік Имам Хатаевпен жұдырықтасты.

Екі раундта басымдықпен, отандасымыз 4:1 қорытынды есебімен жеңді.

Осылайша, 80 келіге дейінгі салмақта финалда қос қазақ – Нұрбек Оралбай мен қытай қазағы Тоқтарбек Таңатхан алтын жүлдеге таласады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасынан алғашқы болып Санжар Тәшкенбай әлем чемпионатының финалына шықты.

Сонымен бірге, Махмұд Сабырхан, Дулат Бекбауов және ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов те финалда.

Өзгелердің жаңалығы