Алексей Навальный 19 жылға сотталды

5 Тамыз 2023, 04:11
1111
Бөлісу:
Алексей Навальный 19 жылға сотталды
Фото: Instagram/navalny

Мәскеу қалалық соты Владимир облысындағы №6 түзеу мекемесінде көшпелі отырыс өткізіп, Алексей Навальныйды экстремистер қауымдастығын құру іс бойынша 19 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

РБК таратқан мәлімет бойынша, оған жеті эпизод бойынша айып тағылды, оның ішінде экстремистік қызметті қаржыландыру және нацизмді жаңғырту деген айыптар да бар.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2014 жылға дейін Навальный қызметі Ресейдегі мемлекеттік тұтастық пен конституциялық құрылысты бұзуға бағытталған экстремистік қауымдастық құрған. Аталған ұйымды қаржыландыру үшін басшылық сегіз коммерциялық емес ұйым құрған, олардың арасында түрлі фирмалар мен қорлар бар.

Навальный 2021 жылдың қаңтарында емделіп, Германиядан оралғаннан кейін "Ив Рош" ісі бойынша ұсталды. Бастапқыда ол 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Содан кейін Мәскеу сотына Навальныйға қарсы жаңа қылмыстық іс келіп түсті. Бұл жолы ол алаяқтық және сотқа құрмет көрсетпеу ісі бойынша 9 жылға сотталды. Ол кезде айыптаушы тарап бұрынғы саясаткерге 13 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын. 2023 жылдың сәуірінде Навальныйға қатысты терроризм фактісі бойынша іс қозғалды.

Арнайы режим белгілі бір шарттарды қамтиды. Жазаны өтеу мерзімінің алғашқы он жылында сотталғандардың кездесуге және хат алмасуға құқығы жоқ. Тек кісінің алып жүруі арқылы ғана кісендеулі күйде жүріп-тұра алады.

Өзгелердің жаңалығы