Лукашенко Қазақстанға ресми сапары қарсаңында "Хабар" агенттігіне сұқбат берді

21 Қазан 2019, 21:26
4226
Бөлісу:
Лукашенко Қазақстанға ресми сапары қарсаңында "Хабар" агенттігіне сұқбат берді
Серіктестік материал

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Хабар" агенттігі басқарма төрағасы Ерлан Бекхожинмен әңгіме барысында, Белорусь мемлекетінің президенті екі елдің бүгінгі қарым-қатынасы жөнінде жан-жақты айтып өтті.

Александр Лукашенко болашақта одан ары қарайғы қарым-қатынастың белсендіру жолдарының келешегі, сондай-ақ тауарайналымының өсуі жөнінде айтты.  

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақ туралы, оның географиясының кеңеюі тақырыбына бөлек тоқталды. Сондай-ақ, Белорусь президенті екі ел арасындағы ынтымақтастықты қалыптастырудағы негізгі этаптарға тоқтап, өз түсінігіндегі "тәуелсіздік" сөзінің негізгі мән-мағынасын түсіндірді.

"Лукашенко Белорусь пен Қазақстан ынтымақтастығы жөнінде сөз қозғап, біздің қарым-қатынасымыз одан да жақсы болатынын айтты. Белорусь президенті белорусь-қазақтан ынтымақтастықтың оң бағытта дамитынына сенімді. Бұл туралы ол "Хабар" информагенттігіне айтты", - деп хабарлады Белта тілшісі. 
Сөз арасында Александр Лукашенко жаңа президент басқару кезеңінде де екі ел арасындағы қарым-қатынас жалғасын табатынын мәлімдеді. 
"Сіз Қазақстанның жаңа президенті деп қалдыңыз. Сіз білесіз бе, оның саясаты – Белорусь пен Қазақстан арасындағы жалғасын тауып жатқан процестер негізінде ғана емес, жалпы экономикалық одақтың дамуы негізінде белгіленген. Бұл адам – негізі қаланған жолды тек жалғастырып қана қоймай, екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайта алады. Негіз бар, мақсат бар. Біз осы бағытты ұстанатын боламыз. Сеніңіз, біз өзара сыйластығымызды ұлғайтамыз. Біздің қарым-қатынасымыз бұдан да жақсы болады", - деп атап өтті белорусь көшбасшысы. 

Сұқбат барысында президентке жолданған сауалдардың басым бөлігі Беларусь пен Қазақстан елдерінің қарым-қатынастарының дамуына қатысты, Еуразиялық экономикалық одақ форматының өзара әрекеттесуінің проблемалары сынды түрлі аспектілерге қатысты болды. 

Мемлекет басшысына кейбір жеке басына қатысты сұрақ та қойылды.

Бұған дейін 24-25 қазан күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруы бойынша Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко Қазақстан Республикасына ресми сапармен келетінін хабарлағанбыз. Сонымен қатар, Лукашенконың Қазақстанға ресми сапарында қандай мәселелер талқыланатыны туралы айтылды.
Өзгелердің жаңалығы