Александр Синяговский: Бітімгерлік миссия кәсіби деңгейде орындалды

19 Қаңтар 2022, 15:32
1143
Бөлісу:
Александр Синяговский: Бітімгерлік миссия кәсіби деңгейде орындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте СІМ еуразиялық интеграция департаментінің директоры Александр Синяговский мәлімдеді.

Ол 10 қаңтарда бейнеконференция режимінде ҰҚШҰ-ның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясы ұйымдастырылғанын айтты.

Іс-шара бұқаралық ақпарат құралдарында ашық трансляцияланды. ҰҚШҰ-ның барлық елдерінің басшылары бітімгершілік миссияның маңыздылығын және өзектілігін баса айтты. Еліміздегі бітімгершілік миссияның сәтті ұйымдастырылуына және өткізілуіне қосқан жеке үлестері үшін ҰҚШҰ Бас хатшысы, Ұйымның Хатшылығы мен Біріккен штабының барлық қызметкерлерін атап өтеміз, -деді СІМ еуразиялық интеграция департаментінің директоры.

Сондай-ақ оның атап өтуінше, 12-14 қаңтар кезеңінде ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы Станислав Зась Қазақстанға сапармен келіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа баяндама жасады. Алматыдағы ҰҚШҰ-ның бітімгерлік контингентінің орналастырылған жеріне де барған.

ҰҚШҰ-ның бітімгерлік миссиясы ең жоғары кәсіби деңгейде орындалды деп санаймыз. Ұйымның Еліміздегі тәртіпті жедел қалпына келтіруге қосқан рөлін атап өтеміз. Бітімгерлік миссияны одақтастық өзара қолдау рухында іске асырылды, -деді Александр Синяговский.

Өзгелердің жаңалығы