Александр Недовесов Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты

17 Мамыр 2022, 17:31
1072
Бөлісу:
Александр Недовесов Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Александр Недовесов Лион (Франция) ATP 250 турнирінің жұптық сынында ширек финалға шықты, бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық теннисші пәкістандық Айсам-уль-Хак Курешимен бірге бастапқы кездесуін франциялықтар Юго Бланше – Альбано Оливеттимен өткізді. Тартысты өткен матчта қазақстандық-пәкістандық жұп 7:6 (7:5), 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті. Бір сағат 45 минутқа созылған бәсеке барысында Недовесов пен Куреши 7 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Қазақстан-Пәкістан жұбы жартылай финалға шығу үшін осы доданың 3-ракеткалары, бельгиялықтар Сандер Жилле – Йоран Флигенмен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы