Александр Бублик жартылай финалда

21 Қазан 2023, 15:19
615
Бөлісу:
Александр Бублик жартылай финалда
Фото: ktf.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Бельгиядағы Антверпен ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарыстың үшінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 226-орында тұрған 20 жастағы франциялық Джованни Мпетчи Перрикармен сынға түсті. Бірінші партияда Александр 6:4 есебімен басым түсті. Екіншісінде франциялық спортшы есе қайырды - 6:4.
Шешуші, үшінші сетте Бублик 3:1 есебімен алға шықты. Соңғы ойынды жеңіспен түйіндеді - 6:2.

Александр Бублик финалға шығу үшін әлемнің 96-ракеткасы, франциялық Хьюго Гастон немесе рейтингте 127-сатыдағы германиялық Максимилиан Мартерердің біреуімен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы