Александр Бублик Швейцариядағы чемпиондық атағын қорғауға шығады

Қазақстандық теннисші былтыр жеңіске жеткен ATP 250 турниріне қатысады.

 olympic.kz Бүгiн 2026, 10:49
Бүгiн 2026, 10:49
202
Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (әлемдік рейтингте 11-орын) 13–19 шілде аралығында Швейцарияның Гштаад қаласында өтетін ATP 250 турниріне қатысады.

Sportarena.kz мәліметінше, Бублик бұл жарыста өткен жылғы чемпиондық атағын қорғайды.

Қазақстандық спортшымен бірге топырақ төсенішіндегі турнирге Каспер Рууд, Валентен Вашеро, Артюр Риндеркнеш, Маттео Берреттини және Стефанос Циципас та қатысуға өтінім берген.

Гштаадтағы (Suisse Open Gstaad) ATP 250 санатындағы ерлер арасындағы турнирдің қазіргі чемпионы – Александр Бубликтің өзі. Ол былтырғы финалда аргентиналық Хуан Мануэль Серундолоны 6:4, 4:6, 6:3 есебімен жеңген болатын.

2026 жылы ATP 250 санатындағы EFG Swiss Open Gstaad турнирінің жалпы жүлде қоры 612 620 еуроны құрайды.

Наверх