Александр Бублик Римдегі турнирдің екінші айналымында америкалық теннисшіні ұтты

13 Мамыр 2023, 07:49
614
Бөлісу:
Александр Бублик Римдегі турнирдің екінші айналымында америкалық теннисшіні ұтты
Фото: zakon.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Бублик Рим Мастерс турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 35-ракеткасы, 20 жастағы америкалық Бен Шелтонмен ойнады.

Матч екі сағатқа жуық уақытқа созылды. Есеп 6:4, 1:6, 6:2.

Бұл матчта Александр Бублик 5 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Ал америкалық теннисші 11 эйс, 2 брейк жасады.

Енді Александр Бублик келесі кезеңде әлемнің 4-ракеткасы, норвегиялық Каспер Рууд немесе 89-ракетка, франциялық Артур Риндеркнештің біреуімен ойнайды.

Өзгелердің жаңалығы