Александр Бублик Монпелье турнирінің финалына өтті

4 Ақпан 2024, 13:48
375
Бөлісу:
Александр Бублик Монпелье турнирінің финалына өтті
Фото: ҚТФ баспасөз қызметі

Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик Монпелье (Франция) ATP 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 30-ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссиммен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда канадалық спортшы 6:4 есебімен басым түсті. Екінші және үшінші сетте Бублик ойын тізгінін қолына алды - 6:4, 6:4.

Екі сағат 37 минутқа созылған матчта Бублик 14 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді.

Өзгелердің жаңалығы