Александр Бублик Бельгиядағы жарыстың финалына шықты

22 Қазан 2023, 20:11
601
Бөлісу:
Александр Бублик Бельгиядағы жарыстың финалына шықты
Фото: ҚТФ баспасөз қызметінен

Әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Антверпен (Бельгия) ATP 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлады BAQ.KZ Қазақстан Теннис Федерациясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген Бублик жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 127-орында тұрған германиялық Максимилиан Мартерермен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші бірдей брейк жасап, 2:0 есебімен алға кетті. Сол басымдылықты сақтап қала алды – 6:4.

Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте Бублик тағы бір брейкке қол жеткізді. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.

Александр Бублик финалда әлемнің 7-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципас немесе рейтингте 38-сатыдағы франциялық Артюр Фистің біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.

Өзгелердің жаңалығы