Ақтөбеде "Қару" алдын алу шарасы өтіп жатыр

2 Маусым 2020, 19:58
1612
Бөлісу:
Ақтөбеде "Қару" алдын алу шарасы өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1-3 маусым аралығында Ақтөбе облысында "Қару" жедел алдын алу іс-шарасы өтеді.

Іс-шараның бірінші күні заңсыз айналымнан 8 қару анықталды.

Іс-шараның негізгі мақсаты заңсыз айналымнан атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды алу. "Қару" жедел алдын алу іс-шарасын өткізудің бірінші күні полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан тіркелмеген 8 дана қару, оның ішінде 6 тегіс ұңғылы қару, 2 газды қару және тегіс ұңғылы қарудың патрондарын тәркіленді – делінген облыстық ІІД таратқан ақпаратта.

Мәселен, Самара-Шымкент тас жолының 834 шақырымында №1 блок бекетте Ақтөбе қаласынан шыққан жолда полиция қызметкерлері Хромтау қаласының 1993 жылғы тұрғынын тоқтатқан кезде, жүргізушіден нөмері кесілген травматикалық пистолет анықталды. Сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда, аталған факті бойынша ҚР ҚК 287 бабы 2 тармағы бойынша қаруды заңсыз сақтау, алып жүру бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Өзгелердің жаңалығы