Алдағы жылы ауыл шаруашылығына субсидия бөлу жоспарда бар – Оразалин

4 Қараша 2021, 15:31
1709
Бөлісу:
Алдағы жылы ауыл шаруашылығына субсидия бөлу жоспарда  бар – Оразалин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміз бойынша Ақтөбе облысы жылқы шаруашылығына субсидия бөліп келе жатқан бірден-бір облыс. Алдағы уақытта субсидия көлемін ұлғайту жоспары бар ма? Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин жауап берді. 

Жалпы, ауылшаруашылықты дамыту үшін ынталандыру ниетімен субсидия беруді екі жыл қатарынан жалғастырып келеміз. Былтыр 5,5 млрд теңге бөлінсе, биыл 6,4 млрд теңге бөлінді. Ірі қараның, жылқының басқа төрт түліктердің өз есебі бар. Тек қана жылқы емес, қолымыздан келгенше барлығын ынталандырып, қаражат бөлудеміз. Айта кету керек, облысымыздың ауыршаруашылығы әртараптандырылған, – деді ол.
Сонымен қатар әкім былтыр субсидия бөлінгеннің арқасында облыс шаруашылығы қандай нәтижелерге жеткенін айтты. 
Біріншіден, біз көлеңкеде, есепсіз жүрген малдың есебін шығарып алдық. Бір жағынан, өсу байқалды. Әсіресе  қой мен жылқы саны арта түсті. Өйткені субсидия алу үшін жергілікті жерлердің шаруа қожалықтарының басшылары өздерінің малдарын тіркей бастайды. Екіншіден, биыл бұл ісімізді жалғастырдық. Келесі жылы да субсидия бөлуді жалғастырамыз деген жоспар бар. Себебі ауыл шаруашылығы – еліміздің дамып келе жатқан ерекше салаларының бірі, – дейді ол.


Өзгелердің жаңалығы