Алдағы жылдары Маңғыстауда 60 мың жұмыс орны ашылады

14 Желтоқсан 2021, 11:53
1124
Бөлісу:
Алдағы жылдары Маңғыстауда 60 мың жұмыс орны ашылады

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары өңірдің өркендеуіне тың серпін бермек.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өз мәлімдемесінде, кешенді жоспарда 214 іс-шарадан, оның ішінде экономиканы дамыту аясында – 87, тұрғын үй және инфрақұрылым бойынша – 48, әлеуметтік сала мен экологияда 66, азаматтық қорғанысты қамтамасыз етуде 13 іс-шара қарастырылғаннын атап өткен еді.

Кешенді жоспардың жалпы бюджеті 2,1 трлн теңге. Оның ішінде 71% жеке инвестицияның үлесі (бюджеттік қаражаттың көлемі 457 млрд теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджет – 339 млрд теңге, жергілікті бюджет – 118 млрд теңге).

Кешенді жоспарды жүзеге асыру арқылы өңірдегі келесідей нәтижелерге қол жеткізу жоспарланып отыр:

- 2025 жылға қарай облыстың жалпы ішкі өңірлік өнімінің көлемін 3,1 трлн теңгеден 4,1 трлн. теңгеге дейін ұлғайту;

- 2025 жылы өңірге келетін туристер санын 750 мыңға дейін арттыру;

- Халықтың нақты табысын ұлғайту

Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет қабылдаған кешенді жоспар өңірдегі өзекті мәселелерді шешуге, облыс тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Кешенді жоспар аясында алдағы 5 жылда 60 мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделіп отыр, - деді Нұрлан Ноғаев.

 

Өзгелердің жаңалығы