Алдағы жылдары елімізде қандай заң жобалары әзірленеді?

27 Қазан 2020, 10:44
1839
Бөлісу:
Алдағы жылдары елімізде қандай заң жобалары әзірленеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әділет министрлігі Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мүшелерімен бірлесіп Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспар жобасын әзірледі. Ол жөнінде бүгін Үкімет отырысында Әділет министрі Марат Бекетаев баяндады.

Оның айтуынша, жоспар жобасы он тоғыз заң жобасын әзірлеуді көздейді. Олар сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеуге, биржалық сауда, көлік, жер қатынастары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл,  құқық қорғау қызметі, геодезия, картография және кеңістіктік деректер, волонтерлер қызметі және қайырымдылық, инновациялық және ғылыми-техникалық даму, биологиялық қауіпсіздік және басқада салаларды одан әрі дамытуға бағытталған.

Алдағы жылы үш жаңа заң жобасын әзірлеу көзделіп отыр. Олар «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы», «Әскери полиция органдары туралы» және «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» заң жобалары. Бұдан басқа, алдағы жылы Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарынан туындайтын екі заң жобасы Парламентке енгізілетін болады. Олар «Қазақстан Республикасының биржалық сауданы дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар  енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары, - деді ол.

Сондай-ақ, жоспар жобасында көзделген 19 заң жобанын ішінен Парламентке 2021 жылдың бірінші-жартыжылдығында – 5, ал екенші-жартыжылдығында – 14 заң жобаларын енгізу жоспарлануда. «Құқықтық актілер туралы» заңға сәйкес жоспар жобасы Мемлекет басшысымен келісілуі тиіс. Жоспар жобасын Президент Әкімшілігіне енгізу ұсынылады.

Өзгелердің жаңалығы