Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2025 жылға дейін шамамен 51 жаңа ұшақ алуды жоспарлап отырмыз. Биылғы жоспардағы 14 ұшақтың бесеуін алдық. Апта сайын біз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпарат беріп отырамыз. Екі күн бұрын ғана жаңа ұшақ жеткізілді. Жыл соңына дейін 14 ұшақ келеді, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Айтуынша, алдағы 3 жыл ішінде парк 50-ден астам жаңа ұшақпен толығады.
Жалпы 2030 жылға дейін 80 ұшақ сатып алуды көздеп отырмыз, - деді Қайырбек Өскенбаев.
Еске сала кетейік, бұған дейін министр ұзаққа созылып кеткен Батыс Қазақстан облысындағы жолдар туралы айтқан болатын. Ведомство басшысының айтуынша, әсіресе Орал-Жәнібек тасжолы айрықша бақылауда. Өскенбаев аталған бағыттағы 248 шақырым жолдың 113 шақырымындағы жұмыстарды келесі жылы аяқтау жоспарда бар екендігін жеткізді.
Сондай-ақ батыс өңірінде жолдар салынбауының себебі – барлық материалдарды жеткізу өте қиындығымен түсіндірді.