Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

18 Қараша 2022, 14:30
7670
Бөлісу:
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігінде жауын шашын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республиканың басым бөлігіндегі ауа – райының тұрақсыз сипаты атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты болады, жауын-шашын күтіледі, солтүстікте қар түрінде, республиканың қалған бөлігінде аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 

20 қарашада республиканың шығысында қатты қар, оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын болады.  

Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман, солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталықта бұрқасын болады деп күтілуде. 

Ауа температурасы түнде солтүстік-батыс және солтүстікте 15-23 аязға дейін, шығыста 12-20 аязға дейін төмендеуі болжанады.

Өзгелердің жаңалығы