Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер республика бойынша 23-25 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
"Қазгидромет" мәліметінше, оңтүстік және оңтүстік-шығыста өте қатты ыстық сақталады.
Республика аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады — жаңбыр жауады. 25 шілдеде елдің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Еліміздің оңтүстік-шығысында ғана кезең бойы жауын-шашынсыз ауа райы болмақ, солайша Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады.
Күндізгі уақытта республиканың батыс жартысында ауа температурасы +27 +42°С-тан +23 +35°С-қа дейін төмендейді. Ал ауа температурасының аздап көтерілуі елдің солтүстік-батыс, орталық өңірлерінде күтіледі: мұнда термометрлер + 25 +38°С белгісіне жетеді, республиканың солтүстігінде, шығысында болса температуралық фон +22 +30°С-қа, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +34 + 46°С дейін өте қатты ыстық сақталады.