Алдағы үш күнде қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұр

12 Маусым 2024, 18:48
433
Бөлісу:
Алдағы үш күнде қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұр
Фото: pixabay.com

Қазақстан бойынша 2024 жылғы 13-15 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамынша, республиканың батысында өте қатты ыстық болады деп күтілуде.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, бұл фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты. Жаңбыр, найзағай және екпінді жел болжанады. Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында бұршақ жауады деп күтілуде. Ең қарқынды жаңбыр 13-15 маусымда шығыста және орталықта, 14 маусымда еліміздің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында болады деп күтілуде, - делінген хабарламада.

Күндізгі температура еліміздің батысында +33+40°С, солтүстігінде, орталығында +20+28°С-тан +25+30°С-қа дейін, оңтүстігінде +27+35°С-тан +30+40°С-қа дейін, оңтүстік-шығысында +22+30°С-тан +25+35°С дейін, ал шығыста +22+30°С-тан +20+28°С-қа дейін аздап төмендейді.

Өзгелердің жаңалығы