Алдағы үш күнде күн райы қандай болады

Бүгiн, 14:49
337
Бөлісу:
Алдағы үш күнде күн райы қандай болады
Фото: Артём Чурсинов -архив

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 17-19 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын болжанады: 17 қазанда оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр аралас қар жауып; батыс өңірлерде 18 қазанда нөсер болады, күндіз найзағай ойнайды. Тек еліміздің солтүстік аймақтарына суық антициклон әсер етуді жалғастырады, сол себептен жауын-шашынсыз ауа райын сақталады және ауа температурасының жоғарылауына әкеледі.

Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі, таулы аудандарда көктайғақ болжанады.

Өзгелердің жаңалығы