Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

17 Қаңтар 2022, 14:58
1223
Бөлісу:
Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер еліміздегі 18-20 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Қазгидромет.


Синоптиктердің айтуынша, алдағы күндері еліміздің солтүстігінде аяз, ал батысында жауын-шашын болады. 

Жақын арада Қара теңіз аудандарынан келетін батыс антициклоны, Қазақстандағы ауа райына әсер етеді. Циклон еліміздің солтүстігіне аяз алып келеді, жауын-шашын тыйылады. Ал Қазақстанның батысына қарай Мурманск аудандарынан циклон келе жатыр. Онда жаңбыр мен қар, екпінді жел мен көктайғақ құбылыстары күтіледі. Солтүстік-батыс, солтүстік өңірлердегі термометр бағаны түсіп, температура түнде 10-25 аяз, батыста 5-15 градус суық, оңтүстікте 0-15 градусқа шейін төмендейді, - делінген ауа райы болжамында.

Өзгелердің жаңалығы