"Қазгидромет" РМК синоптиктері 6-8 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады.
Өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады.
6 маусымда батыста, 7-8 маусымда солтүстік-батыста, 8 маусымда солтүстікте нөсер жауын мен бұршақ жауады деп болжанып отыр.
Еліміздің оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ыстық ауа райы болады.
Күндізгі уақытта 6-7 маусымда солтүстікте, 6 маусымда орталық пен шығыста +41°С дейін, 8 маусымда оңтүстік-шығыста +41°С дейін, еліміздің оңтүстігінде +46°С дейін өте қатты ыстық сақталады.
8 маусымда солтүстік-батыс пен солтүстікте ыстықтың 22 + 30°С дейін төмендейді.