"Қазгидромет" РМК синоптиктері 4-6 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Кезеңнің басында терең Атлантикалық циклон Қазақстан аумағы арқылы өтетін болады. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында және шығысында жауын - шашын жаңбыр мен қар түрінде болады, шығыста қатты жауын-шашын, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады. Алайда, 4 қараша күні циклонның соңынан батыстан антициклон жылжиды, сол себептен түстен кейін жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы және температураның төмендеуі күтіледі.
Ауа температурасы түнде еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында 3-15 аязға дейін, күндіз 3 аяз-8 жылы, оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнгі уақытта 2 аяз - 5 жылы, таулы аймақтарда 5-10 аяз, күндіз 5-15 жылыға дейін төмендейді. Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады деп болжануда.