Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге арналған, ауа райы болжамын жариялады.
Көктем келгенімен, Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінің тұрғындары оны әлі сезіне алмады – суық антициклон бұл өңірлерде аязды ауа райын негізінен жауын-шашынсыз ұстап тұрды.
Алайда 4 наурызда циклон Жерорта теңізінен еліміздің аумағына ауыса бастайды, соның ықпалынан жауын-шашынды болады.
Солтүстік аймақтардағы термометр бағандары күндізгі уақытта 0-5 градусқа дейін, ал оңтүстік аймақтарда тіпті 15-20 градусқа дейін көтеріледі.
Оқи отырыңыз: