Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Ауа райының тұрақсыз сипаты оңтүстік және солтүстік облыстарды қоспағанда, елдің көп бөлігінде сақталады.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуінің әсерінен жаңбыр жауады, 23 шілдеде шығыста, 23-24 шілдеде батыста найзағай, екпінді жел, бұршақ, дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл болады.
Жауын-шашыннан басқа ауа температурасы күндіз солтүстікте және орталықта 30-38 градусқа дейін, оңтүстікте 37-44 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 33-42 градус ыстық болады, тек еліміздің батысында ғана 33-41 градус ыстықтан 25-33 градусқа дейін біртіндеп төмендейді.