Алдағы уақытта 30 градус аяз болады

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы күндері Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде күн суытады.&nbsp;</h4>

 6 Желтоқсан 2021 2021, 11:10
6 Желтоқсан 2021 2021, 11:10
1521

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы күндері Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде күн суытады. 

Жылы Оңтүстік циклонын алмастыру үшін, Атлант аймағынан суық антициклон жылжып келеді.Оның әсерінен температура күрт төмендейді. 

7-8 желтоқсанда түнгі уақытта еліміздің солтүстігі мен шығысында термометр 22-30 аязды көрсететін болады.

Ал республиканың оңтүстік өңірлерінде Иран аудандарынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен аса суыта қоймайды. 


Наверх