Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аяз алып келген суық антициклон Қазақстан аумағынан біртіндеп шығатын болады.
Оның орнына Қара теңіз ауданынан жылы Батыс циклоны келеді, оның әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады, сондай-ақ ауа температурасының біртіндеп жоғарылайды.
Күндіз Қазақстанның солтүстік жартысында 0-5 жылы, оңтүстікте 10-15 жылы, Түркістан облысында 20 градусқа дейін жылы болады.
Тек 2 желтоқсанда ғана еліміздің батыс өңірлеріне кезекті антициклон ауысады, оның әсерінен температура аздап төмендейді.
Түнде 5 аяз...5 жылуға дейін, күндіз 3 аяз...5 жылуға дейін, Маңғыстау облысында 10 градус жылы болады.
Республиканың солтүстік-шығысы мен оңтүстік өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы болады.