Алдағы күндері күн суытады

14 Желтоқсан 2022, 15:35
8708
Бөлісу:
Алдағы күндері күн суытады

Синоптиктер еліміз бойынша алдағы үш күнге, 15 – 17 желтоқсанға арналған ауа айы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

15-17 желтоқсан аралығында ел аумағының басым бөлігіндегі метеорологиялық жағдайлар орталығы Усть-Ишим үстіндегі кең антициклонның әсерімен айқындалатын болады, осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз және республиканың солтүстік өңірлеріндегі ауа температурасының түнде 23-28 аязға дейін төмендейді. 

Тек орталықта, оңтүстік-батыста, ал 17 желтоқсанда елдің шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты  қар жауып, бұрқасын болады. 

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде тұман болады.

Өзгелердің жаңалығы