Алдағы күндері еліміздің орталық, шығыс және солтүстігінде күн суытады

7 Ақпан 2022, 16:15
1719
Бөлісу:
Алдағы күндері еліміздің орталық, шығыс және солтүстігінде күн суытады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМҚ алдағы үш күнге, яғни 8-10 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Кезеңнің басында, Қазақстан аумағының басым бөлігі Екатеринбург аудандарынан және онымен байланысты атмосфералық фронттардан келетін циклон жырасының ықпалында болады.

Осыған байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейкді.

Қазақстанның солтүстік, шығыс, орталық өңірлеріне Батыс Сібірдің аудандарынан антициклон ауысады, оның әсерінен жауын-шашын тоқтап, температура төмендейді. 

Солтүстік өңірлерде түнгі уақытта 15...28 градусқа дейін аяз, орталық өңірлерде 15...25 градус, еліміздің шығысында 15...30 градус аяз болады.

Өзгелердің жаңалығы