Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

6 Қаңтар 2020, 13:07
1813
Бөлісу:
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2020 жылғы 7-9 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Қазақстанның оңтүстік облыстарына жылжыған циклонмен жауын-шашын, көбінесе жылбысқы қар түрінде, тұман, көктайғақ және ауа температурасының аздаған төмендеуі күтіледі. Ал республиканың басқа аймақтары Ресейдің еуропалық бөлігінен жылжитын атмосфералық фронттардың ықпалында болады, соған байланысты кей жерде қар, бұрқасын, батыстан екпінді жел және ауа температурасының төмендеуі болжануда, - делінген хабарламада.

Күннің суытуына қарамастан ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болады, тек оңтүстікте және шығыста орташа климаттық норма жақын ауа температурасы күтіледі.​

Өзгелердің жаңалығы